Курс авторы жайлы
Нұрсұлтан Казбек. Кәсіпкер. Осы уақытта 3 қаржы көзі (кәсібі) бар.
B2C бағытында 2 сауда бизнесі.
B2B бағытында консалтинг қызметі
Менің есімім - Нұрсұлтан. Кәсіпте 8 жылдан бері бармын. Биылғы мақсаттарымның бірі 1000 адамға қаржылық сауаттылықты тегін үйрету. Неге тегін? Маркетингте "1 ақпаратты алған адам минимум 4 адамға жеткізеді" деген қағида бар. Мен үйреткен 1000 адам кемі 4. адамға үйретсе 4000 адам қаржылық сауаттылықты білер еді. Әрбір шаңырақта қаржылық жүйе болса, олардың ешқайсысы ақша тапшылығына жолықпас еді. Менің арманымның бірі айналамызда кәсіпкерлік санасы қалыптасқан адамдардың көп болғанын қалаймын. Сол уақытта біз өсек емес, идеяны талқылайтын қазақ боламыз. Себебі біз мемлекетті құраушы ұрпақпыз. Біз қаржылай сауатты болсақ, еліміз КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТКЕ АЙНАЛАДЫ!
Құрметпен Нұрсұлтан Казбек!